ҚарТУ командасы шахматтан облыстық турнирде бірінші орын алды

ҚарТУ командасы шахматтан облыстық турнирде бірінші орын алды

Қарағанды облысында студенттер арасындағы шахмат турнирінің қорытындысы шығарылды. Қарағанды техникалық университетінің командасы жеңімпаз атанды.

Жарыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші онлайн-турнирге облыстың сегіз оқу орнынан жүзден астам жас шахматшылар қатысты.

Финалдық кезең Достық үйінде өтті. Бірінші орынға төрт команда құрамында 20 ойыншы таласты.

Нәтижесінде ҚарТУ командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Қарағанды медицина университеті, үшінші орынды Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Турнир барысында студенттерге атақты шахматшылармен ойнау мүмкіндігі берілді. Бір мезгілді ойын сеанстары халықаралық шеберлер Аян Ахметов, Бауыржан Қасымов және Марат Жүнісовтың қатысуымен өтті.