
1 қазанда Теміртауда қала күні атап өтіледі. Шаһар 76 жасқа толды. Металлургтер жерлестерін мерекелік болат балқыту рәсімін орындап, құттықтады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ конвертерлік цехына ардагер металлургтер шақырылды. Олардың қатысуымен 195 065 000 тонна болат балқытылды.
– Біз қала күнін өз цехымызда атап өтуге қуаныштымыз. Өндірістің дамып келе жатқанын және зауыттың болашағы бар екенін өз көзімізбен көрдік, – деді кәсіпорында жарты ғасырға жуық жұмыс істеген Қабдолла Рамазанов.
Компания басшылығы атынан теміртаулықтарды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс жөніндегі директорының м. а. Владимир Яблонский құттықтады.
– Біз бүгін қала күнін бірге атап өтуге жиналған металлургтердің бір үлкен отбасымыз. Бізге өзінің бай тәжірибесін берген ардагерлердің арқасында бүгін Қазақстан Магниткасын дамытудамыз, – деп атап өтті ол.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша