
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Ұлытау ауданы Ақтас ауылының тұрғындары 30 боз арша отырғызды. Әрбір өмірлік ағашқа (боз аршаны кейде осылай атайды) ауыл тұрғындары еліміздің жетістіктеріне байланысты есім бергісі келеді.
– Тұрғындар ағаш отырғызуға белсенді қатысты. Мұның бәрі біздің ауылды абаттандыру үшін жасалады. Игі істер одан әрі жалғасады, – деді Ақтас әкімі Дулат Сүлейменов.
Ал ауылдықтардың өздері осындай акцияларға қатыса отырып, ең алдымен өз балалары мен немерелеріне жақсы үлгі көрсетіп, туған жеріне деген сүйіспеншілікті оятады деп санайды.