Осакаров ауданының мектебінде Абай Құнанбаев кабинеті ашылды

Осакаров ауданының мектебінде Абай Құнанбаев кабинеті ашылды

Осакаров ауданының №1 тірек мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Хакім Абай атындағы ақын-жыраулар» сыныбы ашылды. Абайдың есімі қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне берілді. Мұнда оқушылар ақынның шығармашылығын тереңінен оқи алады.

Мектеп директоры Марал Ақмағамбетова Абай кабинеті оқушыларға ақын өз шығармашылығында насихаттаған рухани, жалпыадамзаттық құндылықтарды жақсы түсінуге көмектесетінін атап өтті. Және де балалардың адамгершілік тәрбиесіне септігін тигізеді.

Кабинетте Абайдың дүниетанымы, шығармашылық және өмір жолы туралы баяндайтын кітаптар қоры жинақталған. Интернетке қосылған компьютердің, интерактивті тақтаның көмегімен балалар Абай мұрасын тереңінен зерттей алады. Оның барлық шығармалары электронды түрде қолжетімді.

– Абай Құнанбаев – қазақ халқы үшін маңызды тұлға. Оқушылар оның шығармашылығын зерттеуге қызығушылық танытуына тырысамын, – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Қызыр.

Сабақтан бос уақытында оқушылар оқытушымен бірге «Абайтану» атты өлең оқу байқауына дайындалады.