Қарағандылық спортшылар "Ұлы дала рухы" республикалық фестивалінің финалына қатысады

Қарағандылық спортшылар "Ұлы дала рухы" республикалық фестивалінің финалына қатысады

Қарағанды облысының спортшылары "Ұлы дала рухы" республикалық фестивалінің финалына қатысу құқығына ие болды. Ұлттық спорт түрлерінен жарыс Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған.

Қазір төрт кіші топта аймақтық іріктеу жарыстары өтіп жатыр. 23-25 қыркүйек аралығында Қарағанды өңірінің өкілдері Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының қарсыластарымен шығыс тобында финалға шығу үшін күресті. Біздің жерлестеріміз лайықты өнер көрсетті: жамбы ату – бірінші орын, бәйге – бірінші орын, көкпар – екінші орын, теңге ілу – үшінші орын, аударыспақ – үшінші орын.

Жеңімпаздар 8 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласына фестивальдің финалдық ойындарына аттанады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша