Жылжымалы көрме қарағандылық оқушыларға "Алаш" қайраткерлері туралы баяндамақ

Жылжымалы көрме қарағандылық оқушыларға "Алаш" қайраткерлері туралы баяндамақ

Қарағанды мектептерінде "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілеріне арналған көрме өтуде. Онда партия белсенділері туралы баяндайтын кітаптар мен фотосуреттер, құжаттар жинақтары, стендтер ұсынылды.

Ұйымдастырушы – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті.

– Көрме ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде. Оны "Алаш арыстары. Санкт-Петербург іздері" кітабы бойынша дайындадық. Оқушыларға "Алаш" қозғалысының белсенділерінің жұмысы туралы айтып, дәріс оқимыз, – дейді "Тұлғатану" орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Нұрсахан Бейсенбекова.

Көрме №34 мектепте, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектепте, Н. Нұрмақов атындағы орта мектепте өтті. Онымен 8–9 сынып оқушылары танысты. Олар үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған "Алаш" зиялыларының рухани мұрасы туралы дәрістер оқылды. Сондай-ақ, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көшпелі көрме Тәуелсіздік күніне дейін жалғасады.