
Қарағанды облысының кәсіпкерлерін бірыңғай есеп күніне қатысуға шақырады. Іс-шара 30 қыркүйекте онлайн-форматта өтеді.
Санэпидқадағалау органдарының, мемлекеттік кірістер органдарының, жергілікті полиция, жерді пайдалануды бақылау басқармасының және т.б. өкілдеріне өз сұрақтарын қоюға болады. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерін, сонымен қатар заңнаманы бұзушылықтардың алдын алуды талқылау жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты – бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Онлайн кездесудің басталуы сағат 11:00-де. Қатысу үшін мына телефон бойынша тіркелу қажет: (8-7212) 50-38-76.