Выставка-реконструкция произведений художников мира откроется в музее Темиртау

Выставка-реконструкция произведений художников мира откроется в музее Темиртау

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында 29 қыркүйек күні сағат 15:00-де танымал суретшілердің туындыларының көрме-реконструкциясы ашылады. Экспонаттардың авторлары – әлемдік шеберлердің суреттерін фотоға түсіруге тырысқан SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері.

«Жыл бойы Теміртау қаласындағы SOS Балалар ауылында балаларды фотоөнерге үйретудің қызықты шығармашылық процесі жалғасты. Оқыту «Мәдени мұра» жобасы аясында өтті, оны жүзеге асыруға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қаражат бөлді. Сондай-ақ, балаларды XXXXI ғасырлар өнеріне деген заманауи көзқараспен және АҚШ пен Қазақстанның мерекелік дәстүрлерімен таныстырды», – деді Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында.

Тәрбиеленушілер педагогтармен бірге екі елдің мәдениеті мен тарихын зерттеді, бейнелеу өнерінің туындыларымен танысты, фотомамандық бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Оқудың жемісті нәтижесі экспозицияға енген 40 жұмыс арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Олардың ішінде қазақстандық және американдық танымал суретшілердің 20 суреті және балалардың шығармашылық үдерісте жасаған 20 фоторепродукциясы бар. Сондай-ақ, XIX–ХХ ғасырлар стиліндегі «Отбасылық фотосессия» сериясынан 10 сурет ұсынылды. Әрбір фоторепродукцияның айналасына фотосуреттер мен фотожабдықтар жасау үшін пайдаланылған заттарды көрсету көрменің ерекшелігі болмақ.

Сондай-ақ, көрмеге келушілер арнайы безендірілген фото аймақта естелік суретке түсе алады.