
Қараша айында Қарағанды облысында жас жазушылар мен көсемсөз шеберлері арасында Ақселеу Сейдімбеков атындағы әдеби-шығармашылық байқау өтеді. Оған 16 жастан 35 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады. Байқауға қатысушылардың прозасы мен публицистикасы қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Осы байқаудың бұрын арнайы жүлделерін алған жеңімпаздары оған қатыса алмайды.
Арнайы сыйлық – 300 мың теңгені құрайды.
Байқау қорытындысы бойынша екі номинация – «Проза» және «Көсемсөз» жанрлары бойынша жеңімпаз бен лауреаттар таңдалады. Олар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен қатысушы Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы сыйлықпен марапатталады.
Қатысушылардың Т. А. Ә., жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетілген және жеке куәлігінің көшірмесі қоса берілген жұмыстары 5 қарашаға дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: kar_til@krg.gov.kz.
Байқау туралы толығырақ мына нөмірлер арқылы білуге болады: (8-7212) 56-74-76, +7-702-812-93-78.
Этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбеков атындағы облыстық дәстүрлі әдеби-шығармашылық байқауы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылға