Қазақстандықтар әлемнің 16 еліне ұша алады

Қазақстандықтар әлемнің 16 еліне ұша алады

21 қыркүйектен бастап 16 елге тұрақты халықаралық әуе рейстері іске қосылды, жаңартылды және ашылды. Әр бағыттан аптасына 114 рейс ұшады.

Ресеймен – 54, Түркиямен – 7, БАӘ-мен – 9, Өзбекстанмен – 5, Германиямен – 5, Мальдив аралдарымен – 3, Кореямен – 6, Польшамен – 2, Венгриямен – 1, Сауд Арабиясымен –1 рейске дейін ұлғайтылды.

Тұрақты рейстер жаңартылды: Чехиямен – аптасына 2, Қытаймен – 8, Әзірбайжанмен – 3.

Тұрақты рейстер ашылады: Италиямен – аптасына 2, Шри – Ланкамен – 3, Кувейтпен – 3.

Қазіргі уақытта ұшу кестесі қалыптастырылуда.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша