Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр қарағандылықтарды концертке шақырады

Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр қарағандылықтарды концертке шақырады

24 қыркүйекте «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Басталуы 18:30.

Бағдарламада Анри Вьётан – скрипка мен оркестрге арналған №5 Концерт Ла минор Le Gretry (1861 ж.), ор. 37 және Йозеф Гайди – Симфония №102 си-бемоль мажор (1794).

Концертте халықаралық байқаулардың лауреаты Жандос Мұхамеди өнер көрсетеді. Жандос Күләш Байсейітова атындағы мектепте оқып, кейін ҚазҰӨИ-не оқуға түседі. Австрияда өткен фестивальдерге қатысты.

Дирижер – халықаралық конкурстардың лауреаты, Нұрғиса Тілендиев атындағы 6-шы Астана халықаралық дирижерлер байқауының бірінші сыйлық иегері Пак Юн Хван.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.