
Қарағандылық «Бизнес Инжиниринг» компаниясы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының қолдауымен Epiroc Boyles C5 геологиялық барлау бұрғылауының заманауи бұрғылау станогын сатып алды және тау-кен өндіру өнеркәсібінде жаңа деңгейге шықты. Кәсіпорын геологиялық барлау жұмыстарын белсенді дамытуды жоспарлап отыр, себебі бұл тау-кен секторындағы ең тартымды бағыттардың бірі.
«Бизнес Инжиниринг» компаниясы 2009 жылы құрылды. Бастапқыда кәсіпорын штатында тек екі қызметкер болған. Ол тау-кен кәсіпорындарына маркшейдерлік қызмет көрсетумен айналысты, елде алғашқылардың бірі болып Қазақстанға шағын габаритті бұрғылау қондырғыларын әкелген және енгізген осы компания.
Биылғы жылы «Даму» Қорының қолдауымен және «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының арқасында компания субсидияланған пайыздық мөлшерлемемен (жылдық 6%) несиеге Epiroc Boyles C5 геологиялық барлау бұрғылауының заманауи бұрғылау станогын сатып алды.
Айта кету керек, 2013 жылы «Бизнес Инжиниринг» ЖШС Қазақстан аумағында «Геоскан» ЖШҚ (Санкт-Петербург) ресми дилеріне айналды. Сол жылы компания алғашқы ұшқышсыз ұшу кешенін сатып алып, қазақстандық нарықта сынамалық ұшырулар және оны бейімдеу жүргізді. Бұл жұмыс уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні «Бизнес Инжинирингтің» тұрақты тапсырыс берушілері бар – олар жер қойнауын пайдаланушылар, жобалау және құрылыс ұйымдары, агроөнеркәсіптік және табиғат қорғау секторы, сондай-ақ экологиялық жобалар және қалалық агломерацияларды абаттандыру бөлігінде мемлекеттік сектор. Сондай-ақ, компания жетекші жобалау ұйымдарымен және еліміздің ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындарымен әріптестік қатынастарды жолға қойды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша