200 мыңнан астам қарағандылық онлайн санақтан өтті

200 мыңнан астам қарағандылық онлайн санақтан өтті

Қарағанды облысында онлайн-санақтан 229 194 адам өтті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша халықтың жалпы санына қатысты қамту пайызы 16,7% құрады. Бұл 20 қыркүйек сағат 08: 00-де деректер.

Нұра ауданы көш бастап тұр. Онда тұрғындардың 33,3% интернет-сауалнаманы аяқтады. Сондай-ақ Осакаров (27,7%) және Ұлытау (26,6%) аудандарында пайыз жоғары.

Балқашта және Бұқар жырау ауданында халық санақтан аз өтті – тиісінше халықтың 12,7% және 12%.

stat.gov.kz