Қарағандылықтарды Дүниежүзілік тазалық күніне қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды Дүниежүзілік тазалық күніне қатысуға шақырады

Қарағанды облысының өңірлерінде 18 қыркүйекте World Cleanup day 2021/Birge-taza Qazaqstan Дүниежүзілік акциясы өтеді. Бұл күні аталмыш іс-шара әлемнің 150 елінде өтеді. Оған 380 миллионнан астам адам қатысады.

Дүниежүзілік тазалық күніне қатысу Қазақстанды Жаһандық әлемдік экологиялық акциялардың қатысушысы, "Жасыл" экономика қағидаты мен Тұрақты даму – 2030 мақсаттарын іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, акция аясында аумақты жинау, ағаш отырғызу және қалдықтарды бөлек жинау жұмыстары жүргізіледі.

Қарағанды облысының тұрғындарын, кәсіпорындарды акцияға қатысуға және өңірдің қоршаған ортасын жақсартуға өз үлестерін қосуға шақырады. Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өтеді.

Қарағандыда акция 18 қыркүйек күні сағат 09:00-де Жеңіс саябағында өтеді. Жиналу субұрқақтың жанында болады.