Қарағанды әуежайы Мәскеуге рейстерді жаңартады

Қарағанды әуежайы Мәскеуге рейстерді жаңартады

Қарағанды Сары-Арқа халықаралық әуежайы Қарағанды – Мәскеу – Қарағанды бағыты бойынша авиарейстердің қайта жаңғыртылғаны туралы хабарлайды. Бірінші рейс – 26 қыркүйек.

Ұшуларды «Аэрофлот» Авиакомпаниясы орындайды. Әзірге апта сайынғы рейстер дүйсенбіге жоспарланған.

Авиабилеттерді сатып алу мәселелері бойынша 8-771-044-72-24 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып орындалатын болады.

www.instagram.com