
Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу Қарағанды облысының тұрғындарына емхананы өз бетінше таңдауға, оның ішінде 57 жеке ұйымдарда тегін медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысында барлығы 108 медициналық ұйым медициналық сақтандыру қорының қызметтерін жеткізушілер болып табылады. Өңір тұрғындары олардың біреуін өз бетінше таңдауға құқылы.
– МӘМС жүйесіне белсенді қатысуды біз өткен жылдың шілде айында бастадық. Бір жарым жылда жеке ұйымдар қорға медициналық қызмет жеткізушісі болуға қызығушылық танып жатқанын айтуға болады, – деп атап өтті «Гиппократ» ЖШС емханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Индира Мадиярова. – Соңғы жылы жеке медициналық ұйымдар көбейді. Бекітілген халық өзгерістерге тез үйреніп жатыр және басқа емханаларға ауысуда. Науқас қазір бұрынғыдай аумақтық қана емес, басқа медициналық мекемелерді де таңдай алады. Егер пациенті басқа емханаға ауысып кетсе, онда бұл мекеме қаржысы мен мәртебесін жоғалтады.
Сақтандырылған пациенттерге бүгінгі күні медициналық ұйымдарда ұсынылатын тегін қызметтердің кең спектрі қолжетімді. Егер емханада қандай да бір себептермен салалы маман немесе қандай да бір аппарат болмаса, дәрігер пациентті басқа клиникаға жібере алады, ол да қызмет көрсетуші болып табылады.
– Қазіргі уақытта бізде Пришахтинскіде невропатолог жоқ. Бірақ халық қажетті көмексіз қалмайды, өйткені жақын жерде осы мамандар жұмыс істейтін ұйымдар бар. Онымен автоматты түрде шарттық қатынастар жасалады, – деп қосты Индира Мадиярова.
Медициналық сақтандыру қоры қызмет көрсетушілерге көрсетілген медициналық көмектің ақысын мониторинг өткізгеннен кейін төлейді. Егер тексеру кезінде қызмет көрсету стандартының бұзылғаны анықталса, қор экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша