Қарағанды облысының студенттерін шахмат турниріне қатысуға шақырады

Қарағанды облысының студенттерін шахмат турниріне қатысуға шақырады

Шахматтан турнирге өтінімдер Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттерінен қабылданады. Жарысқа қатысушылардың халықаралық шахмат шеберімен бір мезгілде ойын сеансында ойнау мүмкіндігі болады. Финалдың жүлде қоры – 500 мың теңге.

Турнирге қатысу үшін мына сілтеме бойынша шахмат клубына тіркелу қажет: https://lichess.org/team/NbcU72Kd, коды-jarqyn bolashaq.

Толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша телеграм-арнада танысуға болады: https://t.me/joinchat/m_F2UWdVIPc4NWFi, сондай-ақ 8-778-978-88-67 (WhatsApp, Telegram) нөмірі бойынша.

Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында шахматты танымал ету бойынша іс-шаралар жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша жүргізіледі. Турнир ұйымдастырушылары – Jarqyn bolashaq ҚБ және Қарағанды қаласының шахмат Федерациясы.