Жас кәсіпкерлер Қарағанды облысы әкімінің гранттар конкурсына қатыса алады

Жас кәсіпкерлер Қарағанды облысы әкімінің гранттар конкурсына қатыса алады

Қарағанды облысында жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін өңір әкімінің гранттарын алуға өтінімдер қабылдануда. Конкурсқа қатысуға 18-28 жас аралығындағы ісін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер шақырылады. Өтінімдер 10 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер қабылданбайды.

«Гранттар Қарағанды облысының аумағында бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған конкурс жеңімпаздарына бизнес-жобалардың бюджетіне байланысты миллион теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі. Грантқа бөлінген жалпы сома – 100 миллион теңге», – деп хабарлады жастар саясаты мәселелері басқармасында.

Конкурсқа қатысу үшін akimgranty09@yandex.kz электрондық поштасына бір pdf-файлмен өтінім беру қажет немесе фронт-кеңсеге келіп, тапсыруға болады. Ол келесі мекенжай бойынша орналасқан: Н. Әбдіров даңғылы, 5-үй, 425-кеңсе.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

- үлгі нысан бойынша қатысуға өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- үлгілік құрылым бойынша әзірленген жобаның бизнес-жоспары;

- соңғы 36 айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

- соңғы 36 айда бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқытудан өткенін, біліктілігін арттырғанын растайтын құжаттың (сертификат, диплом) көшірмесі (болған жағдайда);

- бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті әзірлеуге (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі) құқығын растайтын қатысушы құжатының (патент, куәлік) көшірмесі (бар болса);

- ағымдағы банктік шотта қаражаттың бар екендігі туралы анықтама (бар болса, бизнес-жобаны өз қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндігін растау үшін);

- бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі не жалға алу шартының көшірмесі (бар болса);

- соңғы алты айдағы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме («жұмыссыз» мәртебесі бар қатысушыларға қойылатын талап, «NEET-жастар» санаты);

- оқуды растау туралы оқу орнынан анықтама (ЖОО немесе ООО-ның соңғы курстарының күндізгі бөлімінің студенттеріне қойылатын талап);

- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талап);

- жеке кәсіпкердің ағымдағы банктік шотының болуы туралы анықтама (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар);

- жеке кәсіпкердің банкте несиелік берешегінің болуы (болмауы) туралы анықтама (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грант алуға үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар);

- жеке кәсіпкердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талап).

Барлық қажетті ақпаратпен телеграм-арнада мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://t.me/akimgranty09. Сондай-ақ байқау туралы толығырақ келесі нөмірлер бойынша білуге болады: 8-778-630-73-97, 8-771-365-99-13 және 8-701-122-24-63 (WhatsApp, Telegram).