
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры 18 және 19 қыркүйек күндері қарағандылықтарды «Қош бол, конферансье!» спектакль-концертінің премьерасына шақырады.
Қойылым бойынша жұмысты режиссер Владимир Бородин бастады. Жобаны К. С. Станиславский атындағы театрдың басшысы Дунай Еспаев аяқтады.
Көрерменге күлкілі және бір мезгілде қайғылы болып көрінетін сахнадағы әрекет Григорий Гориннің «Қош бол, конферансье!» пьесасының желісі бойынша өрбиді. Оқиға Ұлы Отан соғысына дейінгі соңғы бейбіт күндерде өтеді және соғыстың басын сипаттайды. Актер Павел Кондратьев сомдаған басты кейіпкер – танымал конферансье. Соғыс оның өмірін толығымен өзгертті. Концерттік бригада құрамында ол майданның шебімен жүріп өтіп, сарбаздарға жауынгерлік рух сыйлайды. Әртістер жау тұтқынына түссе де, адами қасиеттерін көрсетуге дайын болады.
Айта кету керек, Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде Станиславский атындағы Қарағанды театрының ұжымы 20 адамға азайды: актерлер өз еркімен майданға кетті. Қарағандыға Мәскеу мен Киевтен театрлар көшірілді. Әртістерден Балтық майданы жауынгерлерінің алдында өнер көрсеткен концерттік бригада құрылды.