
Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында «Ай экспонаты» жобасы аясында онлайн режимде «Деректі куәгерлер. Қазақстандағы XX ғасырдағы жазу тарихы» атты экспозиция ашылады.
Қарағанды облысының тұрғындары латын әліпбиін қолдана отырып қазақ тілінде жазылған сирек құжатты көре алады. Бұл 1938 жылдың 10 шілдесінде берілген Мұхаметхан Жаңабергеновтің атына жазылған «Қазақстанның XV жылдығы» төсбелгісіне куәлік.
Мұхаметхан Жаңабергенов (1879–1974) – ҚарГРЭС-1 алғашқы құрылысшыларының бірі, ерен еңбек екпіндісі. Ұзақ уақыт бойы Нұра өзенінде бөгет салу үшін жер қазу бригадирі болып жұмыс істеді. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Мұражай қызметкерлері еліміздің аумағында жазудың дамуы туралы да айтып береді.
Біздің дәуіріміздің Х ғасырынан бастап Орта Азия мен Қазақстанда араб жазуы рухани және зайырлы мектептерде, ресми хат алмасуда қолданылды. ХХ ғасырға қарай қазақ тілінің фонетикалық алуантүрлілігін жеткізу үшін араб тоқымасының кемшіліктері ерекше айқындала түсті.
1926 жылы тұңғыш Бүкілодақтық түркологиялық съезд барысында жаңа әліпби әзірлеу жөнінде шешім қабылданды. Көптеген пікірталастардан кейін 1929 жылы Қазақ жазуын латын қарпіне көшіру жүзеге асырылды. Ал 1940 жылы Қазақстан кириллицаға көшті.
Бүгінде тарих жаңа кезеңге қадам жасады. 2025 жылға дейін Қазақстанда латын графикасына кезең-кезеңімен көшу жоспарланған.
Қазақ жазуының барлық қыр-сыры туралы мұражайдың @temirtau.muzey Instagram-парақшасында тікелей эфирде 16 қыркүйек сағат 11:00-де баяндалады.
Анықтама телефоны: (8-7213) 93-19-05.