
COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен егілген Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары арасында сыйлықтар ойнатылады. Ұтыс ойынына қатысу үшін 11–19 қыркүйек аралығында вакцинациялауыңыз керек.
Екпе алған азаматтар арасында 12 жүлде ойнатылады. Олардың ішінде электросамокаттар, смартфон, AirPods сымсыз құлаққаптары бар. Ең құнды сыйлық – скутер.
Қатысушы Саран және Ақтас вакцинация орталығынан коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, аты-жөнін ұтыс журналына қалдыруы керек.
Жүлделер 20 қыркүйекте сағат 15:00-де @apparat_akima_saran Instagram әлеуметтік парақшасында тікелей эфирде ойнатылады.