«АМТ» компаниясы Теміртау қалалық және мектеп кітапханаларының қорын толықтырды

«АМТ» компаниясы Теміртау қалалық және мектеп кітапханаларының қорын толықтырды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Теміртау қалалық және мектеп кітапханаларының қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде, Елбасына және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған кітап сөрелерін 1200 басылыммен толықтырды. Бұл мақсатқа 23,3 миллион теңге бөлінді.

Кітаптардың тақырыбы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, сонымен қатар мәдени және тарихи мұраны сақтауға бағытталған.

– Кітап қорын толықтыру студенттермен сыныптан тыс жұмыстар жүргізуде жағымды әсер береді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ сыйға тартқан кітаптар біздің кітапханада лайықты орын алады, – деп атап өтті Теміртау политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Қамарова.

– Бұл күтпеген және жағымды сыйлық, - дейді Қарағанды индустриялық университеті кітапханасының меңгерушісі Светлана Носкова. - Тұңғыш Президент туралы әдебиет әрқашан сұранысқа ие. Бізде тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмесі ресімделген, сыйға тартылған кітаптар онда лайықты орын алады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша