Абай ауданында вакцинациядан өткендер арасында жүлделер ойнатылады

Абай ауданында вакцинациядан өткендер арасында жүлделер ойнатылады

Абай ауданында 1 қарашада вакцинацияланғандар арасында ұялы телефон және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Шараны жергілікті Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырады.

Ұтыс ойынына қатысу үшін 1 қарашаға дейін Абай қаласының орталық ауруханасында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алу қажет.

– Вакцинацияланғандардың тізімін бізге Абай Орталық ауруханасы ұсынады. Ұтыс ойынын біз 1 қарашада @abaizhastary Instagram-парақшасында тікелей эфирде өткіземіз. Жеңімпаздар кездейсоқ әдіспен анықталады, – деді Абай ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ольга Куку.

Ұтыс жеңімпаздары ұялы телефон және басқа да бағалы және ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ шипажайға жолдамалар алады.