Бір миллионнан астам адам онлайн-режимде халық санағына қатысты

Бір миллионнан астам адам онлайн-режимде халық санағына қатысты

Қазақстанда онлайн-санақтан өткендердің саны миллион адамнан асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта онлайн-санақтан өткендердің саны бойынша екі мегаполис – Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары көш бастап тұр. Ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелді, - деді Нұрболат Айдапкелов.

Қазіргі уақытта респонденттер үшін халық санағын қашықтықтан өткізу үшін бірнеше платформа көзделген:

- sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты;

- е-Gov порталында авторизациялау;

- Aitu қосымшасы.

Бүкіл отбасының сауалнамаларын бір адам толтыра алады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ХҚКО-ларда, Статистика департаменттерінде, «Қазпошта» филиалдарында және ірі сауда ойын-сауық орталықтарында халық санағын жүргізетін арнайы орындар жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросы адамдарды онлайн режимде халық санағынан өтуге шақырады.

Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулігіне 24 сағат қол жетімді.

Онлайн-санақтан өтпегендерге сұхбат алушылар 1-30 қазан аралығында сұрақ қояды.

Барлық сұрақтарға жауап алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша