Отбасы күніне орай кезекте тұрған 37 азамат Абай ауданында пәтер кілтіне ие болды

Отбасы күніне орай кезекте тұрған 37 азамат Абай ауданында пәтер кілтіне ие болды

Абай қаласында кезекте тұрған 37 адам жаңа бес қабатты үйде қоныс тойын тойлайды. Олар жаңа баспанасын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Отбасы банкі арқылы рәсімдеді.

Жаңа қоныстанушыларға кілттерді Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов табыс етті.

– Сіздердің өмірлеріңіздегі маңызды оқиға –баспаналы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге беріліп отыған үй өте жақсы. Әр кіреберісте мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалған. Үлкен отбасылар тұратын үлкен пәтерлерде екі ванна бөлмесі және екі балкон бар. Барлықтарыңызға бақыт пен амандық тілеймін! – деп Бауыржан Асанов жаңа қоныс иелерін құттықтады.

35 жастағы Арай Қаюпова төрт бөлмелі пәтердің иегері атанды. Ол 2014 жылдан бастап мемлекеттік қордан үй алуға кезекте тұрған және «Нұрлы жер» ипотекалық кредит беру бағдарламасын пайдалануға бел буған.

– Мен кітапханашы болып жұмыс істеймін. Біздің жалақымыз аз. Менің үш балам бар, толық емес отбасы болып табыламыз. Бұған дейін бізде өз үйіміз болған жоқ, бірақ әрқашан баспаналы болуды армандайтынбыз. Сондықтан мен жеңілдетілген несие беру бағдарламасын пайдалануды ұйғардым, себебі мен қарапайым ипотеканы игермеймін. Енді айына 57 мың төлеймін. Есесіне отбасымда жөндеуден өткен, тамаша төрт бөлмелі пәтер бар, үйміз үлкен және жарық, – деді Арай.

27 жастағы Анна Черпакова Абайдағы жедел жәрдем станциясында фельдшер болып жұмыс істейді. Ол да «Толық емес отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған.

– Менің бір балам бар, біз бұрын анаммен бірге тұратынбыз. Бірақ мен өз пәтерім болғанын армандадым, оны жайлы етіп жабдықтағым келді. Сондықтан мен 15 жылға үш бөлмелі пәтер рәсімдедім. Ай сайын 48 мың теңгеден төлеймін. Бұл мен үшін қолайлы сома, себебі тіпті жалға алғанның өзінде бұл сомадан көбірек қаражат кетеді, – деп атап өтті Анна.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Абайға кіре берісте тоғыз қабатты екі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, 30а орамында тағы бір бес қабатты үйдің құрылысы басталды. Жеке инвестициялар есебінен төртінші шағын аудандағы тұрғын үй қалпына келтіріліп, Жеңіс даңғылындағы көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.