Қарағанды кітапханасында Отбасы күніне арналған көрме өтуде

Қарағанды кітапханасында Отбасы күніне арналған көрме өтуде

Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Отбасы күніне арналған «Жанұя жарастығы» атты кітап көрмесі ашылды. Мереке Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Экспозицияда отбасы құқығы туралы кітаптар, адам өміріндегі отбасының рөлі, отбасылық қарым-қатынас құру және бала тәрбиесі туралы шығармалар бар. Мұнда сіз отбасылық демалысты ұйымдастыруға арналған әдебиеттермен таныса аласыз.

Көрме жасөспірімдерге арналған оқу залында өтуде.

Экспозиция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Кітапханаға кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.