
Қазақстанда «Альфа Банк» платформасы арқылы онлайн түрде ЖК тіркеуге болады. Инновация шағын бизнесті тіркеу процесін жеңілдетуге бағытталған.
– Біз көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы ете отырып, оларды алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және процестерін қарапайымдатуға тырысамыз. Енді ЖК тіркеудің баламалы тәсілі қолжетімді, бұл ісін жаңа бастаған бизнесмендер үшін өте маңызды, – деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Бүгінгі таңда қызметті бүкіл ел бойынша жүзден астам кәсіпкер пайдалана алды.
ЖК онлайн тіркеу үшін «Альфа офис» платформасында аталмыш қызметті таңдау, телефон нөмірі мен СМС кодын енгізу, жеке куәліктің сканерленген нұсқасын қоса беру, ұсынылған нысанды толтыру және ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қою қажет.