
Приозёрск қаласының Жастар ресурстық орталығы COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алғандар арасында жүлделер ұтысын жариялайды. Лотереяны өткізу мерзімі 17 тамыздан 19 қыркүйекке дейін.
Егілгендердің арасында SMART TV, OPPO смартфоны және кір жуғыш машина ойнатылады.
Сондай-ақ, қала тұрғындары шаңсорғыш, микротолқынды пеш, ASEL пеші, мультиварка, термопот, блендер, мантоварка, сымсыз құлаққаптар, Powerbank, үтік және фен ала алады.
Ұтыс ойынына Приозёрск орталық емханасынан вакцина алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады.
Шарттарды Instagram-да білуге болады – @akimat_priozersk және @prio_jastary.
Ұтыс ойыны 21 қыркүйекте сағат 15:00-де @prio_jastary әлеуметтік парақшасында тікелей эфирде өтеді.
Демеуші «Орион-2017» үкіметтік емес ұйымы болды.