Қарағанды облысының тұрғындары 2021 жылдың тамыз айында медициналық сақтандыруға 2,7 млрд теңге аударды

Қарағанды облысының тұрғындары 2021 жылдың тамыз айында медициналық сақтандыруға 2,7 млрд теңге аударды

2021 жылдың тамыз айында Қарағанды облысы тұрғындарының медициналық сақтандыруға жарналары мен аударымдары 2,7 млрд теңгені құрады. Бұл ретте өңірдің жеке кәсіпкерлері мен жалдамалы қызметкерлері жасаған төлемдері 1,4 млрд теңге болды. Жұмыс берушілер медициналық сақтандыру қорына тағы 1,3 млрд аударды.

2,7 млн теңгені мерзімі өткен жарналар мен төлемдер үшін өсімақылар құрады (олар заңды тұлғаларға және тіркелген ЖК-ге есептеледі). Қалған қаражат – бұл дербес төлеушілер мен БЖТ жарналары.

Тамыз айының басында облыста медициналық сақтандыру жүйесіне енбеген адамдар саны 300 581 құрады, яғни халықтың жалпы санының 21,8%. Оның ішінде: 80 мыңнан астамы — соңғы 12 айда берешегі бар жалдамалы жұмыскерлер; 82 мыңнан астамы – ЖК, БЖТ төлеушілер, дербес төлеушілер және АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтіндер. 128 мыңнан астам адам ешбір санат бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлемейді және (немесе) аударымдарды жасамайды.

— Сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетінің қызметтерін ғана ала алады — яғни шұғыл көмек, әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша қызметтер және т. б. МӘМС пакетінен, мысалы, жоспарлы консультациялық-диагностикалық  қызметтерді алу үшін олар соңғы 12 айда бар берешектерін өтеуі тиіс. Медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешектің бар-жоғын Қордың сайты, Qoldau 24\7 қосымшасы, SaqtandyryBot — телеграм арқылы тексеруге болады, — деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша