Қарақұдық – менің Отаным: Бұқар Жырау ауданы ауылдарының бірінде жазуы бар сәулет нысаны пайда болды

Қарақұдық – менің Отаным: Бұқар Жырау ауданы ауылдарының бірінде жазуы бар сәулет нысаны пайда болды

Бұқар Жырау ауданының Қарақұдық ауылына кіре берісте «Qaraqudyq – qutty mekenim» деген жазуы бар сәулет нысаны орнатылды. Оны дайындауға қаражатты тұрғындардың өздері жинады.

– Біз Қарақұдық ауылынан шыққанбыз, осында туып өстік. Жазба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орнатылды, – деді сәулет құрылысының ашылуында облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұлов.

Ол сондай-ақ ауыл тұрғындарын мүмкіндігінше игі істер жасауға шақырды.

Бұқар Жырау ауданының әкімі Сержан Аймақов Қарақұдық тұрғындарының бастамасын қолдады.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауылды қолдау, оны дамыту туралы айтқан болатын. Мұның бәрі бірлескен күш-жігермен жасалуы керек. Құрылымды орнату туралы бастаманы ортаға салған Жұмағұловтар отбасына және барлық ауыл тұрғындарына үлкен алғысымды білдіремін. Ауылды абаттандыру мұнымен бітпейді. Біздің жоспарымызда сауықтыру және спорт орталықтарын салу бар, – деп атап өтті Сержан Аймақов.

Қазіргі уақытта Қарақұдық ауылында 700-ге жуық адам тұрады.