
Шахтинск қаласында «Креативті жастар» би жарысы өтті. Байқауға 5 жастан 15 жасқа дейінгі 40-қа жуық бала қатысты.
Жарысты Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығы және SK FLOW dance school би студиясы ұйымдастырды.
– Мұндай байқау балаларға өздерін көрсетуге және бойындағы үрей мен сенімсіздікті жеңуге жақсы мүмкіндік береді, – деп есептейді SK FLOW dance school студиясының жетекшісі Бекзият Кәрігул.
Бас жүлдені 13 жасар Даяна Жақанова алды. Бірінші орынды Ярослав Адкин, екінші орынды Әмір Аманкелді, үшінші орынды Мария Саранчукова иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, Бекзият Кәрігул – «Жастар» сыйлығының иегері. Ол өзінің жеке қаражатына және сыйлығына Шахтинск қаласында би студиясын ашты. Бекзият Qaiyrymdy Ūrpaq қайырымдылық акциясына белсене қатысып, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан үш балаға би сабақтарын тегін береді.