
Қарағандының Октябрь ауданында 114 рұқсат етілмеген ірі қоқыс үйінділері жойылды. Тазарту жұмыстарына 8 жүк тиегіш пен 23 жүк таситын көлік жұмылдырылды.
Енді тазартылған аумақтар полиция патрулінің бақылауында болады. Ал әкімдік қызметкерлері, өз кезегінде, жеке сектор тұрғындарын аралап, қоқыс шығаратын компаниялармен келісімшарт жасасу керектігін хабарлайды.
– Біз өз пайдасы үшін және ҚТҚ-ны арнайы полигонға шығаруға уақыт жұмсағысы келмей, заңнаманы бұзатын тұрғындармен күресті күшейтпекпіз. Табиғатты ластап, өзімізге зиян келтіретінімізді түсінуіміз керек. Үлкен емес қоқыстарды және құрылыс қалдықтарын полигонға шығаруды сұраймыз, – деді Октябрь ауданы әкімінің орынбасары Сатпек Әбдіқалықов.