Балқашта Бертіс шығанағы ауданында инфрақұрылым құрылысы басталды

Балқашта Бертіс шығанағы ауданында инфрақұрылым құрылысы басталды

Балқашта Бертіс шығанағының жағалауында демалу үшін жаңа орындарды жайластыру жоспарлануда. Ал қазір бұл ауданда инженерлік коммуникацияларды жүргізуге кірісіп кетті.

- Бертіс шығанағы ауданында сумен жабдықтау, кәріз және электрмен жабдықтау желілерін жүргізу бойынша жұмыстар басталды. Жағалауды абаттандыру 2022 жылға жоспарланған, - деді Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы Саржан Сламғали.

Жобаны іске асыру өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Аумағы 61 га болатын жағалау аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, демалуға арналған террасалар, спорт, ойын және қарау алаңдары және т.б. қарастырылған, көгалдандыру жоспарлануда.