Топарда «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша бірнеше көшенің жолдары жөнделді

Топарда «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша бірнеше көшенің жолдары жөнделді

Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кентінде жолдар ретке келтірілді. Жөндеу жұмыстарына «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.

Жұмыстар аяқталды. Жобалық басқарманың арқасында мерзімдердің орындалуына мониторинг және сапаны бақылау жүргізілді.

– Атамекен, Молодежная, Николаев, Олимпийская, Пономарев, Сейфуллин, Сәтбаев көшелерінде, Жастар бульварында, сондай-ақ Гиппократ тұйық көшесінде жолдар жөнделді. Жол төсемі тегістеліп, асфальт төселді. Жастар гүлзарында жаяу жүргіншілер тротуарларын бойлай жарықтандыру жүргізілді, – деді Топар кентінің коммуналдық мәселелер және ТЖ бөлімінің басшысы Қадыр Балтаев.

Сонымен қатар, жолдарда жаяу жүргіншілерге арналған «зебра» белгісі қойылып, тротуарлар жабдықталды. Кенттің орталық көшесінде аялдама қалталары кеңейтіліп, асфальтталды.