
Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өнерім-өмірім» облыстық байқауына өтінімдер қабылдайды.
Қатысуға елуді еңсерген шығармашыл азаматтар шақырылады. Ән байқауы солистер, хор ұжымдары мен ансамбльдер арасында өтеді. Сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер бойынша байқау жарияланды.
Өтінімдер 17 қыркүйекке дейін dkg_11@mail.ru электрондық поштасына немесе Қарағанды қаласы, Бұқар-жырау даңғылы 32, №211 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады. Ал байқаудың өзі 22 қыркүйекке жоспарланған.
Толық ақпаратты (8-7212) 41-27-26, 8-707-121-83-99 және 8-708-294-15-36 нөмірлері бойынша білуге болады.