
Дубайда (БАӘ) бокстан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Қазақстан жастар құрамасы жалпыкомандалық есепте 47 медальмен бірінші орынды иеленді. Қарағандылықтар жалпы қоржынға 8 медаль, оның ішінде екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль салып, үлкен жеңіске үлестерін қосты.
Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бокстан облыстық олимпиадалық резерв мектебінің және Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері болды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерасыл Ермек пен 46 келіге дейінгі салмақта Дамир Байпақов бірінші орынды иеленді. Екінші орында Ислам Советов (66 келіге дейін) және Томирис Мырзақұл (56 келіге дейін). Үшінші орында – Гүлнар Тұрапбай (50 келіге дейін), Мадияр Тайпақов (60 келіге дейін) және 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлназ Бөрібаева мен Анита Адишева.
ASBC құрлықтық біріншілігінде салмақ дәрежелерінің рекордтық саны тіркелді. Чемпионатқа ең үлкен делегациямен Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан спортшылары келді.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша