
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай оқуларының қорытындысын шығарды. Оларға Қарағанды облысынан алты поэзия әуесқойлары қатысып, төртеуі жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алты номинация бойынша таңдалды: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқушылар арасында; «Көңілім әнді ұғады» - Абай әндері мен күйлерін орындаушылар арасында; «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жас дарындар сайысы); «Ұлылар әлемі» (эссе байқауы); «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Абай шәкірттерінің шығармаларын білетіндер арасында.
Қарағанды қаласының №61 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Ақшарат Эшкулова, Алина Наурызбаева және Шұғыла Бекен екінші дәрежелі диплом иегерлері атанды. Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Аружан Букенова үшінші орын алды.