
Қарағанды құю-машина жасау зауытындағылар жұмысшыларының түрік кәсіпорындарында оқып қайтқаны туралы айтты.
Бес адамнан тұратын топ Түркияға тәжірибе алмасуға жіберілді. Екі апта бойы олар екі ірі зауытта технологияларды оқыды: Карабюктағы Kardokmak және Чорумдағы Teknik Çelik Döküm Makina.
Жиналған тәжірибені тек ҚҚМЖЗ-да ғана емес, сонымен қатар Жезқазған құю -механика және Балқаш жөндеу-механика зауыттарын жаңарту процесінде қолдану жоспарлануда, - деді «Maker» ЖШС басқарма төрағасы Жәнібек Байғабелов онлайн брифингте. - Құю өндірісін дамыту - бүгінде «Қазақмыс» корпорациясының күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселе болып табылады.
ҚҚМЖЗ бас технологы Александр Харитоновтың айтуынша, Түркияда мамандар ірі көлемді құймаларды қалыптау әдістерін үйренді, менеджмент пен сапа жүйесімен танысты.
Жаңа технологиялар қоршаған ортаны жақсартуға және өнімділікті арттыруға көмектеседі, - дейді Жезқазған құю -механика зауытының болат құю цехының бастығы Болат Наурызбаев.
Түрік әріптестер қарағандылық машина жасаушылардың жоғары біліктілігін атап өтті. Тәжірибе алмасу жалғаса береді.
Сонымен қатар брифингте бірінші жартыжылдықтың қорытындысы да баяндалды.
- Бүгінде зауыттың айлық өнім көлемі 1 миллиард теңгеден асады, - деп атап өтті Жәнібек Байғабелов. - Жезқазған мен Балқаштағы екі зауыт жылына 8 мың тоннадан астам құйма шығарады. Біз алдымызға ауқымды міндет қойдық: көлемді ұлғайту, оның ішінде ірі құймалар, корпорацияның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру және сыртқы сұранысты қанағаттандыру.