
Жаздың тым құрғақ болуына қарамастан, Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының фермерлері егін өнімі жақсы болады деп болжам жасап отыр.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров ауданның егістіктерінде болып, өсімдіктердің жай-күйін қарап шықты. Ол сондай-ақ малға жем дайындау барысымен танысты.
Доскей ауылында «Стрелец» шаруа қожалығы дәнді дақылдардан басқа зығыр өсіреді. Шаруашылық басшысы Николай Васильченконың айтуынша, бұл дақыл 240 га жерге егілді және егін былтырғы жылдан жоғары болады деп күтілуде.
Семізбұға ауылындағы «Желдібай» шаруа қожалығы 1 500 га егістікті өңдейді, ал жалпы жер көлемі – 3 300 га.кәсіпорын мал шаруашылығына маманданған және өз қажеттіліктері үшін дәнді және шөпті өсімдіктерді өсіреді. Бар астық қоймасы іске қосылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды.
Серік Шайдаров Тасшоқы ауылындағы «Марат» ШҚ, Ақжар ауылындағы «Жалғас» ШҚ болды. Ол ауыл тұрғындарының мал азығын жинағанына көз жеткізді.
Жұмыс сапары барысында әкім орынбасары «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді. Ботақара кентінде 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.
Бағдарлама бойынша ауданда алты жоба қаржыландырылды. Бұл Көкпекті және Токаревка мектептерін, Ростов мектеп жанындағы интернатын күрделі жөндеу. Баймырзада Мәдениет үйі мен ауыл ішіндегі жолдар жөнделуде.
Серік Шайдаров аудан басшылығына күнделікті жұмыс сапасын бақылап, кестеден қалыс қалмауды тапсырды.