
Қарағандыда коронавирусқа қарсы екпе алмаған адамдарды жеке үгіттеу туралы шешім қабылданды. Аулалар мен пәтерлерге еріктілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері барады.
- Дәрігерлердің ақпараты бойынша, біздің қаламызда ұжымдық иммунитет үшін 300 мыңнан астам адам вакцинациялануы тиіс. Бүгінгі таңда 200 мыңға жуық екпе алынды, біз науқанды жандандырғымыз келеді. Қазір емханаларда еріктілер отырады және зейнеткерлерге күн сайын қоңырау шалып, вакцинация пунктіне баруды ұсынады. Нәтижені көріп отырмыз, - деді Қарағанды әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов.
Одан әрі алға жылжу үшін еріктілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен құралған үлкен насихат тобы құрдылды. Күн сайын олар вакцинацияға шақыру үшін үйлер мен пәтерлерді аралайды.
«Құрметті қарағандылықтар, жағдайға түсіністікпен қараңыздар. Тәжірибе көрсеткендей, COVID-19 жұқтыру жағдайларының көпшілігі вакцинацияланбағандар арасында болады. Егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса, вакцинация жасаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!» - деп қалалық әкімдікте екпе алуға шақырады.