Saryarka облыстық спартакиадасына үш мыңға жуық адам қатысты

Saryarka облыстық спартакиадасына үш мыңға жуық адам қатысты

Онлайн форматта өткен қалалар мен аудандар арасындағы Saryarka облыстық спартакиадасының қорытындысы шығарылды.

Біріншілік бағдарламасында шахмат, дойбы, асық ату, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, күштік гимнастика, пауэрлифтинг, доппен жонглерлік ету және гір көтеру спорт түрлері болды.

Онлайн-жарыс екі кезеңде өтті. Спортшылар алдымен қалалар мен аудандарда сайысты, содан кейін финал өтті. Облыстық біріншілікте барлығы 2 837 адам - балалар мен ересектер өз күшін сынады.

Жалпыкомандалық есепте қалалар арасында бірінші орынды Қарағанды, екінші орынды Теміртау, үшінші орынды Шахтинск алды. Аудандық біріншілікте Абай ауданы жеңімпаз атанды, екінші орында Бұқар Жырау ауданы болды, Шет ауданы үздік үштікті тұйықтады.

- Біздің аудан жыл сайын жүлделі орындарға ие болады, - дейді Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ерасыл Борамбаев. - Біз Saryarka спартакиадасының 15 дүркін чемпиондарымыз. Көшбасшылар қатарында дойбы мен шахмат ойыншылар бар. Бұл тек спортшылардың ғана емес, жаттықтырушылардың да еңбегі. Жарыстарға кәсіпқойлар да, әуесқойлар да қатысты.