
Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы Конституция күніне орайластырып, бейнероликтер байқауын бастады.
Байқауға қатысуға 14-29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысушының туған жері (қала/ауыл) туралы бейне түсіріп, оның көрікті жерлерін көрсетіп, сүйікті жерлері туралы айтуы керек.
Өтінімдер 3 қыркүйекке дейін қабылданады. Қорытынды бір апта ішінде жасалады. Нәтижелер Instagram-да @zhastar_temirtau парақшасында жарияланады. Үздік жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Өтінім мен бейнероликті поштаға жіберу қажет: zhastar_temirtau@mail.ru. аты-жөніңізді, жасыңызды, оқу/жұмыс орнын, телефоныңызды және Instagram-аккаунтыңызды көрсетіңіз.