
Шахтинск қаласындағы мектеп аулаларының бірі жергілікті көрікті орынға айналды. Ертегі бағы Северо-Западный ауылының сегізінші мектебінің оқушылары және ата-аналарының күшімен пайда болды.
Мұнда ақкекіре, шырайгүл, эхинацея, барқытгүл, бозкілем, флокс өсетін үлкен гүл бағы жасалды. Ағаштан, бетоннан, пластмассадан жасалған фигуралар салынды. Гүлзарда түймедақ паровозы өз жолаушыларын күтуде, сондай-ақ ертегідегідей жел диірмені, Альпы тауы және жасанды су қойма бар. Мұның бәрі шебер ата-аналардың, мұғалімдер мен оқушылардың қолымен жасалады.
Демеушілер мектеп аумағына қара топырақ жеткізуге көмектесті.
– Үш жыл бұрын біз «Поколение +» қалалық мәдени-білім беру жобасының қатысушысы болып, балаларды қоршаған әлемге деген сүйіспеншілікке баулуды, оларды гүлдер мен өсімдіктердің алуан түрлілігімен таныстыруды, қолда бар құралдардан әдемі ландшафт жасауға тарту туралы шешім қабылдадық. Осылайша біз «Үйлесімдік өзімізде» атты жобамызбен жұмыс істей бастадық, оған барлық оқушылар тартылды, – дейді №8 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаңагүл Жолдыбалина.
Жобалық қызметке ата-аналар да тартылды. Олар балаларымен бірге мектеп ауласы үшін гүлзарлар мен фигуралардың макеттерін жасады. Содан кейін жоспар орындалды.