Қарағандылық студент жеңіп алған грантына «Біздің орын» демалыс орнын құрды

Қарағандылық студент жеңіп алған грантына «Біздің орын» демалыс орнын құрды

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері мен оқытушыларында «Біздің орын» серуен аумағы пайда болды. Бұл жасыл кеңістіктерден құралған жайлы демалыс орны.

4 курс студенті, болашақ эколог Алина Чумышева университеттер аумағын абаттандыру бойынша конкурста 700 мың теңге сомасында грант жеңіп алды. Байқауды «Шеврон» компаниясы мен Назарбаев Университеті ұйымдастырған болатын.

«Алина «Біздің орын» жобасын ұсынды. Оның ішінде ағаш күрке, тас төсемдер мен емен, шетен, шырша және жабайы жүзім егілген жасыл алаңдар бар. Алинаның ғылыми қызығушылықтарының арқасында енді студенттер мен оқытушылардың сабақтар, ғылыми зерттеулер мен демалыстарын өткізуге арналған тағы бір алаңы пайда болды», - дейді университетте.