
Қарағанды облысында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жалғасуда. Жезқазғанда белсенділер экологиялық акция өткізіп, Қабанбай батыр шағын ауданындағы қоқыс үйінділерін тазалады.
Бұрын бұл шағын аудан Геологический кенті деп аталды. Экобелсенділердің айтуынша, мұнда көлемді қалдықтар жылдар бойы жинақталған.
Акция қалалық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырылды. Тазалауға екі Камаз және екі тиегіш жұмылдырылды. Нәтижесінде 150 тоннадан астам қоқыс шығарылды.