
9 қыркүйекке дейін Теміртау қаласының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында «Тарих 24 кадрда» көрмесі өтеді. Экспозиция Орталық Біріккен киностудияның (ОБКС) 80 жылдығына арналған.
ОБКС Алматыда Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс істеді. Оған Алматы көркем және хроникалық фильмдер студиясы және осында көшірілген «Мосфильм» және «Ленфильм» кірді. Жұмыс істеп тұрған жылдарында ОБКС барлық отандық кино өнімдерінің 80%-ын шығарды. Бұл 23 толық метражды картиналар мен 10 қысқа метражды фильмдер. 1944 жылдың екінші жартысында майдандағы жағдай өзгерген кезде студия өз жұмысын аяқтады. «Мосфильм» және «Ленфильм» үйлеріне оралды.
Секундына жиырма төрт кадр – бұл дыбыстық кинематографтың әлемдік стандартына сәйкес келетін жиілік. Экспозицияның негізгі бөлігінде 1941-1945 жылдардағы 24 мұрағаттық фотосурет орналастырылған, онда киноға түсіру процесі, фильмдерден алынған кадрлар, соғыс жылдары Алматыда жұмыс істеген атақты актерлердің, режиссерлер мен әдебиетшілердің портреттері бейнеленген. ХХ ғасырдың ортасындағы теле-, радио - және фототехника заттары ұсынылған.
Көрме Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм" АҚ және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қолдауымен дайындалды.
Анықтама телефоны: 8-701-996-19-73.