
Теміртауда Жақып Ақбай атындағы мешіт қайта қалпына келтірілді. Күрделі жөндеу жамағат жинаған садақа есебінен жасалды.
- Енді біздің мешітіміз жарық әрі кеңірек бола түсті. 14 аспа шамдар, 450 жарық шамдары орнатылды. Қабырғалар ұлттық ою-өрнектермен және Құраннан алынған сүрелермен безендірілген. Жылы еден құйылды, - дейді қаланың бас имамы Естай Әбдіғали.
Келесі жылы Алла үйінің қасбетін жөндеу және тұрақ жасау жоспарлануда.