
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылдық округінің әкімі Нұржан Сейітов "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауының өңірлік деңгейдегі жеңімпазы атанды. Іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
Байқауға Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Абай және Ақтоғай аудандарынан 10 әкім қатысты.
Жеңімпаздарды арнайы байқау комиссиясы анықтады. Ауылдардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен әкімдердің жобалау жұмыстары бағаланды. Ауыл тұрғындары арасында онлайн-сауалнама жүргізілді. Әкімдердің жұмысы туралы Әдеп жөніндегі уәкілдер де өз пікірлерін білдірді.
Алда республикалық байқаудың екінші кезеңі күтіп тұр.