
Халық санағы кезінде Қазақстан азаматтарына олардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайлары және т.б. туралы 91 сұрақ қойылады.
– Халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан (69 сұрақтан және 22 нақтылайтын сұрақтан) тұратын санақ парақтары әзірленді. 8 сұрақ бірге тұратын отбасы мүшелеріне қатысты болады; 8 сұрақ және 3 сұрақ – тұрғын үй жағдайы, 60 сұрақ жеке және т.б. болады, – деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.
Дәстүрлі сұрақтармен қатар санақ парақтарына жаңалары да енгізілген, оның ішінде респонденттің халықты санау кезіндегі орналасқан жері; халықтың тіршілік әрекетінің шектелуі (көру қиындығы, есту қиындығы, қозғалу қиындығы, есте сақтау қиындығы және/немесе назар аудару қиындығы); ҚР аумағында уақытша тұратын азаматтің туған елі; келу мақсаты және басқа да бірқатар сауалдар.
Сұрақтардың жеке блогы пандемияға – COVID -19 ауруы мен вакцинациясына, пандемияның кіріс деңгейіне әсері туралы болады.
Санақ парақтарына көші-қон (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды жоспарлау туралы, негізгі себептері мен мерзімдері туралы); неке жағдайы туралы (қазіргі (немесе кейінгі) некеге тұру туралы); Жұмыспен қамту бойынша (уақытша жұмыспен қамтылмау себептері, жұмыстан халықтың тұрақты орнына оралу кезеңділігі туралы); тілдерді меңгеру дәрежесі туралы, дін туралы мәселелер енгізілген.
Санақ қорытындысы бойынша халықтың саны мен жыныстық-жастық құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптастырылатын болады, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу жүргізіледі.
– Қорытындылар экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты айқындау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады, – деп түйіндеді бюро басшысы – 2021 жылғы халық санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!».
Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша