
Ағылшын тілінің тегін курстарын Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырады. Сабақ 6 қыркүйекте басталады.
– Оқушылардың жасы – 18 жастан жоғары. Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының мамандары сабақ береді. Біз курстарға жазылушыларды 20 адамнан тұратын бірнеше топқа бөлеміз. Сабақ аяқталғаннан кейін емтихан нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі, – деді Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлжан Бөрібаева.
Курстар онлайн-режимде өтеді.
Ұзақтығы – 72 сағат.
Өткен жылы 130 студент сертификат алды. Бұл бағытта 150 қарағандылық ағылшын тілін үйренуді жоспарлап отыр.
Келесі телефон нөмірі арқылы жазылуға болады: (8-7212) 50-65-59, 56-70-84.